Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша «Ақмола облысы Білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім беру бөлімінің Есіл қаласының №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ
2022 жылға есеп
Мемлекеттік қызметтерді қолжетімді алу үшін «Ақмола облысы Білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің Есіл қаласының №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де келесі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:
- Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау;
- Балаларды жалпы білім беретін оқу орындары арасында ауыстыру үшін құжаттар қабылдау;
- Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру;
- «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет;
- «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету
2022 жылы «Ақмола облысы Білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің Есіл қаласының №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ - де мемлекеттік қызмет – 162, Мемлекеттік қызмет корпорациясы - 4, Мемлекеттік қызмет электрондық үкімет порталы арқылы-53, Мемлекеттік қызмет қағаз форматта -69 көрсетілді .
«Ақмола облысы Білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің Есіл қаласының №2 жалпы білім беретін мектебі»КММ-де Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттері қызмет алушыларға қолжетімді жерде екі тілде ақпараттық стендте орналастырылған. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандус, шақыру түймесі, дәретхана бар.
2022 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша - 7 жарияланым болды. БАҚ-та (Мектеп сайты, Инстаграм, Facebook, мектептің ақпараттық бұрышы) мемлекеттік қызмет көрсету бойынша, сондай-ақ e.gov.kz портал арқылы әртүрлі қызмет түрлерін алу мүмкіндігі туралы материалдар жарияланады.
2022 жылдың қорытындысы бойынша жария талқылау барысында мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша жұмыстар үнемі жүргізіледі. 2022 жылы Мемлекеттік қызмет көрсетудің белгіленген мерзімдерін бұзу фактілері жоқ.
2022 жылы «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы қызмет алушылармен түсіндіру жұмыстары жалғастырылды. Жалпы, 2022 жыл ішіндегі жұмыс қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыруға бағытталды.
Мектеп директоры: Е.Челюбеева