Қосымша
Президент Жарлығына
Қазақстан Республикасының
2022 жылғы 22 ақпандағы № 814
Бекітілген
Президентінің Жарлығымен
Қазақстан Республикасының
2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғам өмірінде ерекше рөл атқарады. Бұл қоғамның өмірін қамтамасыз етуден және қоғамдық мүдделерді ең жақсы және тиімді түрде қанағаттандырудан тұрады.
Мемлекеттік қызмет қоғам мүдделеріне адал болуды және Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуді, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауды міндеттейді.
Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде мемлекеттік саясатты жақтауға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға, мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына қоғамның сенімін сақтауға және нығайтуға ұмтылуға тиіс.
Қоғам мемлекеттік қызметшілер өз міндеттері мен функцияларын заңдарға сәйкес барлық адал ниетпен құзыретті және тиімді орындайды деп сенеді.
Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебіне жоғары талаптар қояды.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің осы Әдеп кодексі (бұдан әрі – Кодекс) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын белгілейді және қоғамның мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және парасаттылық ахуалын жасауға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.
3. Кодекстің мәтіні мемлекеттік органдардың ғимараттарында баршаға көрінетіндей жерлерде орналастырылады.
4. Осы Кодексте белгіленген қызметтік әдеп стандарттары барлық мемлекеттік қызметшілер үшін міндетті.
2 тарау. Мемлекеттік қызметтің этикалық қағидаттары
5. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) адалдық-қоғамға мемлекетке кәсіби және жауапты қызмет ету;
2) адалдық - өз міндеттеріне шынайы көзқарас;
3) әділеттілік – жеке және заңды тұлғалардың, қоғамдық топтар мен ұйымдардың ықпалына қарамастан заңды шешім қабылдау және кез келген мән-жайлар бойынша біржақтылық пен субъективтілік себебінен адамдарды кемсітуге жол бермеу;
4) ашықтық-жұртшылықпен жұмыс істеуге дайын болу және өз іс-әрекеттерінің ашықтығын қамтамасыз ету;
5) сыпайылық-азаматтар мен әріптестерге сыпайы және құрметпен қарау;
6) клиентке бағдарлану – Мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұрау салуларына және өтініштерді қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға салу көріністеріне жол бермеу бойынша тұтастай бағдарлана отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдау.
3 тарау. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттары
6. Мемлекеттік қызметшілерге мынадай талаптар қойылады:
1) қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға;
2) мемлекет мүдделері мен азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіретін іс-әрекеттерге қарсы тұруға міндетті;
3) заңда белгіленген шектеулерді сақтауға, мүдделер қақтығысын болдырмауға міндетті;
4) азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік танытуға, дөрекілік, қадір-қасиетін қорлау, әдепсіздік және орынсыз мінез-құлық фактілеріне жол бермеуге, өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен олардың тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға тиіс;
5) іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға, азаматтардың алдында өздері өкілдері болып табылатын мемлекеттік органдардың қадір-қасиеті мен беделіне анық нұқсан келтіретін іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге;;
6) лауазымдық міндеттерін атқаруға байланысты құқыққа сыйымсыз уәделер бермеуге және кез келген сипаттағы құқыққа сыйымсыз міндеттемелер алмауға міндетті;
7) жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін, сондай-ақ қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүдделеріне, оның ішінде өзінің оларға көзқарасын насихаттау үшін онымен байланысты мүмкіндіктерді пайдаланбауға; ;
8) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, мемлекеттік мүлікті лауазымдық міндеттерін және рұқсат етілген қызмет түрлерін орындау үшін тек қана нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға;
9) қызметтік міндеттерін адал орындауға кедергі келтіретін құқыққа сыйымсыз қаржылық және мүліктік мүдделерді көздемеуге міндетті.
7. Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуға тиіс.
8. Мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен қызметтік қарым-қатынаста:
1) ұжымда іскерлік және тілектестік өзара қарым-қатынасты әрі сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал етуге міндетті;
2) басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзудың жолын кесуге немесе оларды болдырмау жөнінде өзге шаралар қабылдауға міндетті;
3) Ұжымда әріптестерінің ар-намысы мен абыройына кір келтіретін жеке және кәсіби қасиеттерін талқылаудан аулақ болуға;;
4) өзінің мінез-құлқымен бейтараптықтың, әділдіктің, риясыздықтың, жеке тұлғаның ар-намысы мен абыройына құрметпен қараудың үлгісі болуға тиіс;
5) қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсітушіліктің және қол сұғушылықтың кез келген нысандарын болдырмайтын қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыруға бағытталған шаралар қабылдауға;
6) жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сыйыспайтын әрекеттер жасауға мәжбүрлемеуге;
7) әріптестеріне қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік, қадір-қасиетін қорлау, әдепсіздік және орынсыз мінез-құлық фактілеріне жол бермеуге тиіс;
8) әріптестеріне өзінің діни нанымдарын таңдамауға, бағынысты қызметшілерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне қатысуға мәжбүрлемеуге міндетті.
9. Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік саясат және қызметтік ісінің мәселелері жөніндегі өз пікірін, егер ол мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келмесе, жариялауға рұқсат етілмеген қызметтік ақпаратты ашатын болса және мемлекеттің лауазымды адамдарының, мемлекеттік басқару органдарының, басқа да мемлекеттік қызметшілердің атына әдепке сай емес сөздер айтудан тұрса, көпшілік алдында білдіруіне болмайды.
Мемлекеттік орган қызметінің мәселелері бойынша көпшілік алдында сөйлеуді оның басшысы немесе мемлекеттік органның бұған уәкілеттік берілген лауазымды адамдары жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмей, пікірсайысты әдепті түрде жүргізуге тиіс.
10. Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қарапайымдылық танытуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға және қоғамдық имандылыққа қолсұғушылықпен ұштасатын қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге тиіс.
4 тарау. Қызметтік этиканы бұзу профилактикасы бойынша Үйлестіру
11. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган заңнамаға сәйкес қызметтік әдепті бұзудың профилактикасы бойынша үйлестіруді жүзеге асырады.
5 тарау. Қызметтік әдепті бұзғаны үшін жауаптылық
12. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын бұзуы тәртіптік жауаптылыққа әкеп соғады.