«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 города Есиль отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 


Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Экология күні «Сіздерді көргеңімізге қуаныштымыз!». Балаларды қарсы алу.

4 маусым күні мектеп ауласында «Солнышко» мектеп жанындағы алаңының балалары үшін көңілді, танымдық әрі мазмұнды іс-шара ұйымдастырылды.
Балалар түрлі жарыстарға қатысып, қызықты кедергілерден өтті, спорттық тапсырмаларды орындады. Олар өздерінің ептілігін, шапшаңдығын, батылдығын және ұйымшылдығын көрсетті. Көңілді әуеннің сүйемелдеуімен балалар таңғы жаттығу жасап, таза ауада белсенді қимылдап, ойындарға қуана қатысты.
Сонымен қатар, бұл күні маңызды тақырып қозғалды — 4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні. Балалармен мемлекеттік рәміздер, олардың маңызы және оларға құрметпен қарау туралы танымдық әңгіме жүргізілді. Ребята мемлекеттік рәміздерге арналған түрлі боямақтарды бояп, ту мен елтаңбаны қызығушылықпен қарап, Отанға деген сүйіспеншілік туралы әңгімелесті.
Сондай-ақ балалар үшін шай дайындалып, жылы әрі достық көңіл-күй қалыптасты. Бұл күн көңілді, әсерлі және танымдық бағытта өтті. Балалар сергектік алып, жақсы көңіл-күйге бөленіп, көптеген жағымды әсер алды.


Текст