25 жыл бұрын бүкілхалықтық референдумда еліміздің басты заңы - Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды.
Осы мерейтойды мерекелеу шеңберінде біздің мектепте суреттер конкурсы жарияланды. Балалар суреттерінде Конституция тақырыбы республиканың астанасы-Нұр-сұлтан, Қазақстанның табиғаты, Тәуелсіз еліміздің туымен тығыз байланысты. Бұл дұрыс,өйткені Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең жоғары құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады. Өйткені, Республика қызметінің негізгі қағидаттары: қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігі үшін экономикалық даму, қазақстандық патриотизм болып табылады.
6 "б" сынып оқушылары: Сейдахметов Ильяс,Савикова Татьяна, Черехович Алина, Челюбеева Елена патриотизмге толы болды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған іс-шаралар жалғасуда.