«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 города Есиль отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 


Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту бойынша дәріс

"Есіл қаласының№2 ЖББМ" КММ қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту бойынша дәріс тыңдады. Құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру және қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік ахуалын қалыптастыру мақсатында мектеп алаңында Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл бойынша оқыту іс-шарасы өтті. Мектеп директоры Е. Б. Челюбеева сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында жиі кездесетін құқық бұзушылықтар бойынша мысалдар келтіріп, сыбайлас жемқорлықтың қаншалықты қауіпті екенін және құқық қорғау органдарының онымен неге күресіп жатқанын түсіндірді. Тарих пәнінің мұғалімі А.А. Ыдырысова сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершіліктің негізгі аспектілері туралы толығырақ айтып берді. іс-шара барысында білім беру қызметкерлері "сыбайлас жемқорлық" және "парақорлық", "сыйлық" және "пара"ұғымдары туралы білімдерін толықтырды. Проблемалық жағдайлар пысықталып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл алгоритмі мен қағидаттары жасалды. Дәрісте ұжымда ағарту жұмыстарын жүргізу қажеттілігі, қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлық мәселесі туралы айтылды.

Жаңартылған күні: 29.09.2023 11:12
Құрылған күні: 29.09.2023 13:00

Текст