«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 города Есиль отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 


Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ата-аналарға « болашақ мамандығы» төңірегінде арналған жадынама

  1. Балаңызға  болашақ мамандығын еркін таңдауға мүмкіндік беріңіз.
  2. Оның таңдаған мамандығының жағымды және жағымсыз жақтарын бірге отырып талқылаңыздар.
  3. Мамандық таңдар кезінде материалдық пайданы ғана ойламай, балаңыздың рухани қанағаттануын да есептен шығармаңыз.
  4. Болашақ мамандықты таңдау кезінде балаңыздың сол кәсіпке деген жарамдылығын да байқаңыз.(денсаулығы, оның бейімділігі, дарындылығы, хоббиі мен қабілеттері)
  5. Егер мамандықты таңдау барысында қарама-қарсылық туындап жатса, кеңесші мамандармен (кәсіби бағдарлаушы маман-профориентологпен) ақылдасыңыз.
  6. Мамандық таңдауда балаңызды қыспалай бермеңіз.
  7. Балаңыздың арманы орындалу үшін, оған барынша қолдау көрсетіңіз.
  8. Егер балаңыз бір мамандыққа ертеден әуестене бастаса, сол бағытта дамуға  мүмкіндік беріңіз.
  9. Қазіргі таңда балаларға мамандықты өз қабілеттеріне және нарықтың сұранысына сай таңдауға көмектесетін кәсіби бағдарлаушы педагог -профориентолог мамандардың кеңесін алуға мүмкіндігіңіз бар екенін естен шығармаңыз .

 

Жаңартылған күні: 27.12.2022 17:31
Құрылған күні: 27.12.2022 17:31

Текст