"Оқу мектебі" жобасы аясында жазда кітаппен демаламыз.
Кітап адамзаттың баға жетпес байлығы. Бұл ғылымның қайнар көзі, білім мен мәдениеттің жоғары деңгейіне жетелейтін білім беру құралы.
15 Маусымда кітапханашы Д. А. Жүсіпбекова "Кітап - біздің ең жақын досымыз" викторинасын өткізді . Бұл іс-шараның мақсаты кітап пен оқуға деген сүйіспеншілікті ояту, балалардағы көркем әдебиет пен сөздік туралы білімді кеңейту.
Викторина өте қызықты, танымдық өтті. Балалар кітаптар туралы қосымша білім алды. Кітаптар қалай жасалады, жанр бойынша қандай кітаптар бар, балалар жазушылары мен ақындары, олардың шығармашылығы туралы.