Балаларды терезеден құлап кетуден қорғауға арналған "терезе-SAFE" республикалық науқаны

16.04.2026

ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ:

Елімізде балаларды терезеден құлаудан қорғауға бағытталған «Терезе – SAFE» республикалық науқаны басталды

«Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру аясында елімізде «Терезе-SAFE» ауқымды ақпараттық науқаны басталды. Бастаманың мақсаты жазатайым оқиғалардың алдын алып, балалардың терезеден құлауына жол бермеу. Статистикаға сүйенсек, 2025 жылдың қорытындысы бойынша мұндай оқиғалар 2023 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге артқан. Қауіп тобында негізінен 2 мен 5 жас аралығындағы бүлдіршіндер тұр.

Просмотров: 1892


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу