Қазақ халқының тілдері күні мерекесіне орай Есіл қалалық № 2 орта мектебі бойынша, өткізілетін іс- шаралардың жоспарына сәйкес, қазақ тілі пән мұғалімі Абишева Р.К. бастауыш сынып оқушыларының арасында, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Ұлтымыздың ұстазы- Ахмет Байтұрсынұлы» атты сторителлинг ұйымдастырды және де оқушылар арасында "Қазақ тілін білесің бе?" атты викторинасын өткізді. Бұл сайыста оқушылар 4 аялдамадан өтті:
I аялдама - «Сәлем - сөздің басы»
II аялдама - « Кім жылдам?»
III аялдама - «Тапқыр болсаң - тауып көр»
IV аялдама - «Сиқырлы сөз»
Оқушылар өз білімдерін көрсете білді.
Жеңімпаздар өз сыйлықтарына ие болды.
Бастауыш сынып оқушыларының арасында «Қазақ тілі пәнінен ең сауатты оқушы» байқауы өтті. Осы тақырып бойынша оқушылар диктант жазды. Диктанттың шарты- сауаттылық, әріптердің дұрыс және әдемі жазылуы. Нәтижесінде жеңімпаздар марапаталды. Ережелерді сақтап жазған оқушылар арасында: Ахметова Аиша, Телегина Александра, Немков Владислав, Малышкина Анастасия, Баршевский Артем, Курт Эвелина, Рыбка Полина.
Онкүндік ішінді «Тіл тағдыры- ел тағдыры» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Белсенділік білдірген оқушылар арасында өз қабілетін көрсете білген оқушылар: Немков Владислав, Аманжолова Амина, Шапель Яна, Малышкина Анастасия және де басқа оқушылар.