12 қыркүйек күні Тілдер күніне орай 6 орыс сыныптары арасында «Ұшқыр ой мен шешен тіл» атты сайыс өтті. Сайысқа өзге ұлт оқушылары қатысты. Сайыстың мақсаты: мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, өзге ұлт оқушылардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын арттыру. Оқушылар үш топқа бөлініп, белсенді түрде қатысты. Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды. Бірінші «Ұшқыр ой» кезеңінде әрбір топқа сұрақтар қойылды. Екінші кезең «Суреттер сөйлейді». Әрбір топқа бірнеше суреттер берілді. Суретте кім және не бейнеленгенін дұрыс айтып беру керек болды. Оқушылар қойылған барлық сұрақтарға толық жауап беріп, берілген тапсырмаларды орындап шықты. Сабақтан тыс шара өз дәрежесінде өтті. Өткізген қазақ тілі пәнінің мұғалімі Сыздыгалина А.Б.