Тіл- адам өміріндегі ең маңызды құралдардың бірі. Себебі тілдің қолданыс аясы өте кең. Әрбір ел, әрбір ұлт өз тілін қадірлейді, құрметтейді. Қазақ тілі- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілі- қазақ халқының рухани, мәдени байлығы, баға жетпес құнды қазынасы.
Тілдер күні аясында 8 сыныптарда «Ахмет Байтұрсынов – ұлы ұстаз» атты ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты:тарихи өмірінде айрықша зор тұлға – Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту, оқушыларды шығармаларын оқыта еңбексүйгіштікке, білімге құштарлыққа тәрбиелеу.